Елбасы Egemen Qazaqstan газетін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Елбасы Egemen Qazaqstan газетін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
253
оқылды

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады.

«Қазақпараттың» жазуынша, салтанатты шарада Елбасы құттықтауын Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев оқып берді.

«Еліміздің жетекші басылымы, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Бір ғасыр бұрын «Ұшқын» деген атпен шыға бастап, уақыт өте ұлттық басылымға айналған тәуелсіз Қазақстанның аға газеті әр парағында тарих тағылымын дәуір үнімен, уақыт сынымен бейнелеп, кешегі мен бүгіннің арасын жалғап келеді. Жаңалықты жұртшылыққа жедел әрі шынайы түрде жеткізіп, егемен еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырман арасында байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға хаттаған байырғы басылымның беделі әрдайым биік», – деп атап өтті Тұңғыш Президент.