Жұмысшылардың еңбек құқығы сөз болды
Жұмысшылардың еңбек құқығы сөз болды
388
оқылды

Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы толық жазылған. Егер құқығы бұзыл­са, жұмысшылар кімге жүгініп, кімнен араша сұрай алады? Пандемия жағда­йын­да ұжым­дық келісімшарт­тар­ды қайта пысықтап, өзгерту ке­рек пе? Еңбек құқығын қор­ғау және азаматтардың әлеу­меттік кепілдемелерін тал­қы­ла­ған Батыс Қазақстан об­лы­сын­дағы нұротандықтар атал­­­ған мәселелерді ортаға салды.

Олардың дерегінше, ұжымдық шарт жылдың басында жасалады. Ал індет көктемде басталып, зар­дабы әлі басылмады. Сондықтан келер жылы шартты бекітер кезде пандемия кезіндегі өзгерістерді ескерген жөн. Өйткені індет кү­шейген кезде көптеген мекеме-кәсіпорынның жұмыс тәртібі өз­геріп, көмекке мұқтаж жандардың қарасы артқан. – Бізге 300-ге жуық азамат ша­ғым­данды. Әсіресе, шағын және орта бизнес аясындағы азаматтар­дың шағымы көп. Соның қазір 40 пайызы оң шешімін тапты. Қал­ғанымен жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс берушінің кесірінен жұ­мыссыз қалса, болмаса жалақысыз қалса, біз оларды толыққанды қам­­тып, қорғау жұмыстарын кү­шейтіп отырмыз. Биыл мамыр айын­да «Nur Otan» партиясы мен кә­сіподақтар ұйымы өзара мемо­рандумға қол қойған еді. Мұндағы мақсат – қарапайым еңбек адам­дарының құқығын қорғап, барлық мәселені бірге шешу. Әлеуметтің әлеуетін арттыру жұмысы басқа аймақтарда да жалғасуда. Мысалы, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы облыстық ұйымы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлік себеттерімен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ өңір бойынша 25 мың медициналық бетпердені тегін таратқан. Аймақтағы нұротан­дық­тар бұл игі іс әрі қарай жалғаса­тынын жеткізді, – дейді «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев. Осы мәселе төңірегінде Аты­рау­дағы Кәсіподақтар үйінде де облыстық мәслихат депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракция­сының мүшелері Айбек Габдуллин мен Гүлнәр Сәдуақасова кәсіподақ белсенділерімен кездесу өткізді. Жиынға Атырау облысы Кәсіп­одақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов, облыстық салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ қызметкерлері, мәслихат аппаратының қызметкерлері Е.Түркістанов пен А.Қуаныш­кереев қатысты. Кездесу бары­сын­да еңбек адамының құқығы мен мүдделерінің қорғалуы талқыға түсті. Әрбір саланың өз ерекшелігі бар, ал Еңбек заңнамасының не­гізгі талаптары барлығына бірдей. Мысалы, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартының талаптары, жұмыс­кердің құқықтары мен міндеттері жалпыға бірдей айқындалады. Заңмен қарастырылмаған өзге еңбек жағдайлары мен қарым-қатынастары жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара келіс­сөздер жүргізуі арқылы ұжымдық шартпен реттеледі. Атырау облысы бойынша жұмыс істеп тұрған мекемелер мен кәсіпорындарда ұжым­дық шартпен қамтылу деңгейі 25 пайызды құрайды. Қалған 75 па­йы­зында ұжымдық шарттар жасал­маған. Осы бағытта Атырау облы­сы­ның кәсіподақ ұйымдары азамат­тар­дың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағда­йын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеу­меттік кепілдікті қамтамасыз ету мақ­сатында бір­шама жұмыс атқарды. Кәсіподақтар еңбек заңдылық­тарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі секілді мәселелерді басты назарда ұстайды. Кездесуде бұл мәселелер де талқыланды. Өз кезегінде де­путаттар жұмысшылардың еңбек құ­қықтарын қорғау және әлеумет­тік кепілдіктердің сақталуы пар­тия­ның басты міндеттерінің бірі екенін көрсетіп, кәсіподақтарға алғыс білдірді, алдағы уақытта аталған мәселелерді сессияларда көтеретінін жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН