Отандастарымыздың телефондарына қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынған СМС-тер келіп жатыр. Ал әлеуметтік желілерде отандық қауіпсіздік сертификатын орнатса, сол арқылы оның қайда барғанын, не істегенін, кімге не жазғанын және қандай парольдер енгізгенін бақылайтыны туралы ақпарат тарай бастады. Алайда бұл жүйе өзгелерге жаппай зиян келтірмей, тек тыйым салынған контентті ғана нақты бұғаттауға бағытталған. Құзырлы органдар осылай мәлімдеді.
Цифрлық министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов қазақстандық сертификаттың қауіпсіз екеніне сендірді. Ол барлық техникалық стандартқа сәйкес келеді және басқалардан кем емес. – Компьютеріңізді немесе смартфоныңызды ашып, сертификаттар бөліміне кіріңіз. Ол жерден бүкіл әлемде, әр елде жасалған 100-ге жуық сертификаттың орнатылғанын көресіз. Бұған қазақстандық сертификатты қоссақ түк те болмайды. Бұл ұлттық заңнамада қарастырылған. Оның үстіне, жүйе автоматтандырылған режимде жұмыс істейді: пайдаланушының қайда барғанын, не істегенін, қандай пароль енгізгенін ешкім бақыламайды. Жүйе тыйым салынған контентті нақтылы бұғаттауға ғана бағытталған. Ол арқылы машина трафикке қол жеткізеді және сонда тек қара тізімге енген сілтемелерді табуға тырысады. Егер ол анықталса, мұндай сұрау үзіліп, пайдаланушы жауап алмайды. Бұл жағдайда 404-ші парақша ашылады. Егер адам сертификат орнатпаса, онда шетелдік сервистермен өзара іс-қимыл кезінде проблема әлдеқайда көп болады, – деді ол. Ал егер пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізе алатын үшінші тұлғалар осыны қарау ниетте пайдаланбақ болса ше? «Біріншіден, адамдар оныцмен жұмыс істемейді. Екіншіден, азаматтарымыздың құқығын Конституция қорғайды. Құқық қорғау және арнаулы меморгандардың барлық әрекетін Бас прокуратура қадағалайды. Менің ойымша, ол әлдебіреудің мәліметтерді өз еркімен заңсыз пайдалануына жол бермейді. Сондай-ақ өз өкілеттігін теріс пайдаланған қызметкерге қылмыстық жаза қолданылады. Мемлекетіміз бұған қатаң қарайды», – деді Руслан Әбдіқалықов.Елдос СЕНБАЙ