Этика кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді
Этика кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді
141
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шым­­кент қалалық филиа­лын­да бастауыш партия ұйым­­дары­ жетекші­лерінің басқосуы өтті. Жиын­да «Nur Otan» пар­тия­сы Шым­кент қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Бахадыр Нарым­бетов партияның Этика ко­дек­сінің сақталуы жайында әң­гімеледі.

«Nur Otan» партиясы мүше­лерінің жүріс-тұрыс эталондарын бекітуге арналған құжат Мем­лекет басшысы ұстанған саясатты жүр­гізу шеңберінде заңды қа­дірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдеп­­тен аспау секілді оң әрекет­терді қарастырады. Сондай-ақ партияның Этика кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы да көрініс табады. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 35 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 47 бастауыш партия ұйым­дарына біріктірілген.

Әбілмансұр ЖАСАН