«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің басқосуы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партияның Этика кодексінің сақталуы жайында әңгімеледі.
«Nur Otan» партиясы мүшелерінің жүріс-тұрыс эталондарын бекітуге арналған құжат Мемлекет басшысы ұстанған саясатты жүргізу шеңберінде заңды қадірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдептен аспау секілді оң әрекеттерді қарастырады. Сондай-ақ партияның Этика кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы да көрініс табады. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 35 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 47 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.Әбілмансұр ЖАСАН