Бірақ өртті сөндірген бойда брифинг өткізген Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері: «Марқұм өрттен емес, кісі қолынан өлген болуы мүмкін», – дейді.
Себебі, өрттен бұрын оны ұрып-соққан деген болжам бар.
Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы Бауыржан Ізбасаров: «Өрт сөндірген кезде 46 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Полицейлердің сөзінше, мәйітте зорлық белгілері бар. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өлімнің нақты себебі қорытынды шыққан соң белгілі болады», – деді.
Өрт шыққан пәтердің тұрғыны мазасыз болған екен. Көршілерінің айтуынша, жиі жанжал болатын үйде сол күні электр жарығы болмай, балауыз шам жанып тұрған. От шамнан тұтануы мүмкін. Өрт әп-сәтте екі пәтерді күлге айналдырды.
Соның кесірінен баспанасынан да, құжатынан да айырылған көрші пәтердің тұрғындары далада қалды.
https://youtu.be/XJzS3MOEVgc