Телеарнаның хабарлауынша, жол ортасында шахмат ойнағанның кесірінен көлік кептелісі болған. Олар өзгелердің де өміріне қауіп төндірді.
Олар полицейлерге көлігі сынып осылайша, уақыт өткізбек болғанын айтып ақталды.
Оларға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол ортасында шахмат ойнағандар 58 мың теңге айыппұл төледі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Жастар арасында мұндай деректер көп кездесіп жатады. Олар өздерін «пранкерлерміз» деп заңға қайшы іс-әрекеттерді де жасап жататын кездер болады. Заң бұзуға ешкімнің құқы жоқ. Заң барлығына бірдей», – дейді.