Комитеттің мәліметінше, шетелден келген 964 жолаушының ішінде ПТР-дің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 884 адам, анықтамасыз 80 адам келді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20. Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54. Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6. Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға орналастырылды. ПТР тест тапсырды. Нәтижесінде, Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды» делінген комитеттің хабарламасында.