Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастады.
1988 жылдан 1994 жылға дейін эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың диагностикалық орталығы бойынша бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1994-1997 жылдары Алматы облысының орталық аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008-2014 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, ғылыми урология орталығының директоры қызметтерін атқарды.
2014–2015 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болды.
2019 жылдан 2020 жылға дейін Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) университетінде тағылымдамадан өтті.
Осыған дейін ол Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.