Жасотандықтар "Жылдың үздік ұйымы" атанды
Жасотандықтар "Жылдың үздік ұйымы" атанды
128
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсімінде жастотандықтар «Жомарт жүрек» сыйлығының "Жылдың үздік ұйымы" номинациясы бойынша марапатталды. ⠀ «Jas Otan» 20 жыл ішінде талай игі іс мен маңызды жобаларға мұрындық болды. ⠀ Атап айтсақ, жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» жобаларын іске асырды. «Nurintech» жобасы аясында 3 мың жас ғалымға қолдау көрсетілді, «English for Jastar» жобасы аясында 9 мың ауыл оқушысы ағылшын тіліне тегін оқытылды. Жыл сайын жастарға арналған «Jastar-Otanga!» саяси лагері ұйымдастырылып, 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам жас көшбасшы тәрбиеленіп шықты. Елбасы бастамашылық еткен «Біз Біргеміз!» шарасы аясында 5 мың жасотандық еріктінің күшімен 320 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді, 100 мың отбасыға 5 млн медициналық маска таратылды. ⠀