Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

«Қырманбайдың тойына» келіңіз!

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Қараша 22, 2019
Мәдениет
2.5k
қаралым

Төрт түрлі жанрды қамтыған апталық

Жазушы Әнес Сарай дүниеден өтті

Ұлттық мәртебе алған ұжым

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мем­­ле­кеттік академиялық дра­ма театрында «Бес бой­дақ­­қа бір той» спектаклі қо­­­йылды. Араға бес жыл сал­­ған үзілістен кейін көрер­мен­ге қайта жол тартқан спектакльді көпшілік расын­да сағынып-ақ қалған екен. Лық толы зал мен қайта-қайта қол соғып, ризашылығын біл­­дірген қалың көрерменнің бал-бұл жанған жүзінен мұны аңғару қиын емес еді.

Өнерсүйер қауымға спектакль­дің аты да, заты да таныс. Өйткені көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы бұрын да қойылған, көпшіліктің көңілінен шыққан. Былай қарасаң кө­рермен күлкіге қарқ болып, кө­ңіл көтеріп қайтатын жеңіл спек­такль сияқты. Спектакльдің ұтымдылығы – астарлы әзіл, қал­жың арқылы көрерменді ойлан­­ды­­ратынында. Қырманбай образы арқылы ата-ананың қаді­рін бұрынғыдан да ұғынып, өзін кейінге ысырып қойып, ұл-қы­зын бірінші орынға шығаратын қа­за­қы мінезді байқайсың.

– Бұл – көрерменнің көңілі­нен шыққан спектакльдің бірі. Жиырма үш жыл бойы аншлагпен қойылу оңай дүние емес. Сол кездері бір кісінің қойылымға жиі келетінін байқадым. Реті кел­­­­генде себебін сұрап едім, «Бұл спек­такльге 20 рет келдім. Әке-шешемді, бауырларымды сағын­ғанда осы спектакльге келем. Мынау тура біздің ауламыз» деп жауап берген болатын. Мұнда отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қайырымдылығы, еркелігі, назы – бәрі бар. Қазақы мінезге жақын дүние. Сценарийге, деко­ра­цияға көп өзгеріс жасалған жоқ. Өйткені бұл спектакльге кел­ген адам өзінің ауылын, өскен орта­сын іздейді. Бұрын қойылған кезінде декорацияларымыз тозып кеткен соң үйді заманауи үлгідегі коттедж сияқты етіп жасағанбыз. «Үйлерің коттедж боп кетіпті ғой» деген көрермендер болды. Сол себепті үйді бұрынғы күйін­де қалдырдық. Спектакльді да­йын­дауға бір айдай уақыт кетті. Жастарды ұлттық қалжыңға, қаза­қы мінезге үйретуімізге тура келді. Бек­жан Тұрыс Қырманбай ақса­қалдың рөлін 26 жасында ойнады. Ол кездері театрымыздың бі­раз ақсақалы бар болатын. Рөл­ді соларға бермей, «шалды «ой­най­тын», образ іздейтін адам ке­рек» деп шештім. Сол себепті бұл рөлге Бекжан таңдалған бо­латын. Бұл Бекжанның театр­да­ғы шоқтығы биік рөлінің бірі деп айта аламын. Бұрын Қа­­зақстанның халық артисі Нүке­тай Мышбаева, Жұмағали Маханов ойнайтын. Бұл жолы тәжірибе жинап үлгерген орта буын актрисалар Гүлшат Тұтова, Күнсұлу Шаяхметова ойнайды. Қалғаны кейінгі толқын жас актерлер, – дейді спектакльдің қою­шы режиссері әрі өлеңдерінің авторы Әбубәкір Рахимов.

Спектакльде жер ортасынан асқанда кемпірі дүние салып, аяқтанбаған ұл-қыздарын ойлап қа­мығатын, солардың ертеңгі кү­ніне алаңдайтын Қырманбай ақ­сақал мен оның барынша әке­сінің көңілінен шығуға ты­ры­сатын ұл-қыздарының бейнесі сомдалады. Қойылымда әдемі ән де, қазақы қалжың да бар.

Қазір қазақта той көп. Ке­йінгі кез­де қазақ тойына рефор­ма жа­са­­луы керек деген сыни пі­кір­­лерді жиі естиміз. Бізге «Қыр­­ман­бай­дың тойы» сияқты кө­­ңілді әрі ой­­ландыратын той ке­­рек. Сон­дық­тан ойланам де­сең, қы­зық­қа батам десең «Қырман­бай­дың тойы­на» келіңіз!

 
Тегтер: драма театрдраматургмұхтар әуезовспектакльТынымбай Нұрмағанбетов
Алдыңғы жаңалық

Аралым – айдын шалқарым

Келесі жаңалық

Мейірім мерекесі

Ұқсас жаңалықтар

мереке, Көктем аруы, жастар, Шымкент
Жаңалықтар

Шымкентте үздік 30 жастың анасы сый-сияпатқа ие болды

Наурыз 5, 2021
қыз
Жаңалықтар

Көкшенің қыз Жібегі: «Өмірлік өнер мектебім» кітабы жарыққа шықты

Наурыз 4, 2021
132 аударма
Жаңалықтар

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға жол тартты

Наурыз 4, 2021
Манас, Баянғали Әлімжанов, Достық, орден
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Баянғали Әлімжановқа орден берді

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

Наурыз 6, 22:44

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 22:02

Полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды

Наурыз 6, 21:37

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 6, 20:57

Павлодар облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Наурыз 6, 20:26

Нұр-Сұлтанда екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

Наурыз 6, 19:52

«Тобыл» Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды

Наурыз 6, 19:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

Наурыз 6, 2021
Ақтау

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»