Қордайдағы қақтығыс: Қанша шығын келді?
Қордайдағы қақтығыс: Қанша шығын келді?
409
оқылды

Шығын көлемі туралы Қордайдағы қақтығысқа қатысты алғашқы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айтты.

«Мүлік иелеріне келген шығын 829 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаментіне тиесілі 10 автокөлікке зақым келіп, мемлекетке 3 миллионнан астам шығын келген», – деді ол.

Прокурор күдіктілерге 5 сағат бойы айыптау актісін оқып берді. Онда кімнің не істегені дәлме-дәл уақытымен айтылған. Алдымен жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген бес адамның есімі аталды. Олар Нұр-Сұлтан, Атырауда жүріп-ақ аудиохабарлама арқылы жұртты Сортөбе, Масаншы ауылына баруға үгіттеген екен.

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 51 адам айыпталып жатыр. Олардың 10-ы кісі өлтірді деген күдікке ілінсе, қалғаны жаппай тәртіпсіздік, қарақшылыққа байланысты сот алдында жауап беріп жатыр.