Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұқағали Арыспаев «Мой городқа» берген сұхбатында айтқан.
Ол отбасылық мереке, жаңажылдық сауық кеші мен жиындарды мейрамхана, кафе және банкет залдарында өткізуге тыйым салынатынын айтты.
«Үйде бес адамға дейін жинала алады, оған шектеу жоқ. Бес адамнан көп, 10-20 адам болса, бұл бұқаралық іс-шара болып саналады. Егер полиция немесе мониторингтік топтардан арыз түссе, онда олар жауапқа тартылады. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі – шамамен 83 мың теңге. Қазір біздің өңір «жасыл» аймақта, бірақ егер біз «сары» немесе «қызыл» аймаққа еніп кетсек, онда шектеу шараларын күшейтуге тура келеді, – деді Мұқағали Арыспаев.