ІІМ мекемелердегі деректі жалпы базаға біріктіріп, ХҚКО мамандары жүргізуші куәліктерін ақпараттық ресурстар арқылы берген кезде өтініш берушінің есепте тұрғанын немесе жоқ екенін кез келген уақытта тексере алады.
Мамандандырылған ХҚКО-да бұрынғыдай полиция қызметкерлері болмайды. Олар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қашықтықтан атсалысады.
Қызмет көрсету азаматтар үшін барынша ашық және ыңғайлы тәртіппен жүзеге асырылады:
– өтініш беруші қарапайым халыққа қызмет көрсету орталығына немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді;
– ХҚКО қызметкері автокөлікті тіркеуге және қайта тіркеуге құжаттарды қабылдауды, жүргізуші куәлігін беруді, практикалық және теориялық емтихандарды қабылдауды және басқада қызмет түрлерін жүзеге асырады;
– полиция офицерлері электрондық өтінімдерді қашықтықтан қарайды, бұл ретте жүйе өтінімдерді қызметкерлер арасына еркін, рандомдық тәртіппен бөледі.
ІІМ жүйелі цифрландыруды жүйелі жүргізуде және ведомство көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90%-ға жуығы цифрлық форматқа көшірілді.