Energyprom.kz-тің зерттеуінше, бір жылда дәрі-дәрмек бағасы 9,7 процентке дейін қымбаттаған.
Антисептиктер, дене қызуын түсіретін, бүйрек ауруларына арналған және антибиотиктер бағасы өскен.
«Антисептиктер бір жылда бірден 33,2 процентке, дене қызуын түсіретін дәрілер 16,3 процентке, бүйрек ауруларына арналған дәрілер 11,5 процентке, ал антибиотиктер 10 процентке дейін қымбаттаған. Ал аллергияға қарсы дәрі-дәрмек керісінше арзандаған. Бағасы бір жылда 0,4 пайызға төмендеген», – дейді сарапшылар.