Рудный тұрғыны танысының басын кесіп алған
Рудный тұрғыны танысының басын кесіп алған
99
оқылды
Рудныйда ішімдік ішкен 31 жастағы тұрғын танысын бауыздап өлтірген. Қылмыстың анық-қанығын журналистермен өткен брифингіде облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Рудный қаласында 3 желтоқсан күні болған.31 жастағы ер адам 68 жастағы танысымен пәтерде ішімдік ішкен. Мұның арты жанжалға ұласып 31 жастағы ер адам жәбірленушінің мойнына пышақ салды.
«Жәбірленуші алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Қылмыскер мәйіттің басын кесіп тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Өлтірілген адамның туыстары полицияға хабарлады. Дереу тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Біз күдікті қашып кетуі мүмкін деп болжадық, бірақ полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ол ұсталды. Патрульдік полиция қызметкерлері 22.00-ден кейін көшеде жүрген мас адамды байқайды. Олар ер адамның қолына қан жұққанын көреді. Қылмыскер ұсталып, кейіннен кінәсін мойындады», - дейді Бекет Аймағамбетов.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қостанай облысында жыл басынан бері 500-ден астам қылмыс патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ашылды. Бекет Аймағамбетов сапалы жұмыс істеген қызметкерлерге сыйақы тағайындайтынын айтты.