Қаршадай бала қылмысқа жақын
Қаршадай бала қылмысқа жақын
192
оқылды

Тәрбие деген темірқазық болмаса, бала деген – бой бермейтін асау тай. Осы тәрбиенің осалдығынан оқушылар арасында топтық төбелес, ұрып-соғу және қорлау жағдайлары жиілеп кетті. Ал оның соңы тағдыр тәлкегіне ұшырап, темір торға тоғытылып жатқан балалардың көбеюіне әкеп жатыр. Заңгерлер жағы абақтыдан шыққан жасөспірімдердің 70 пайызы қайтадан қылмыс жолына түсіп, кейбіреулері кәнігі қылмыскерге айналатынын айтады. Демек, бұл баланы сол жағдайға жеткізбеудің жолын қалайда табу керек деген сөз.

Бүгінде кәмелет жасына тол­маған 5 мыңнан астам қазақ­стандық есепте тұр екен. Жасөс­пірімдер арасындағы қылмыс Алматыда – 33,5%, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астанада – 18%, Ақмола мен Ақ­төбе облыстарында – 11%, Түр­кістан облысында 7,8% көбейген.

Былтыр арты өлімге ұласқан мектеп оқушыларының төбе­лесін, бірін-бірі кемсітуін бүкіл ел көрді. Бір ғана Ақтөбе облы­сында үш оқиға тіркелді, Шым­кент колледжінің студент қыз­дары оқушы қыздарды тонағаны үшін ұсталды, Түркістан облы­сындағы балалар сыныптасын қатігездікпен сабаған. Өткен жылы бұл облыста 20 баладан ақша жинаған жасөспірім ұс­талды, балалардың біреуі өзіне қол жұмсаған. Қарағандыда пиццериядағы орынға таласқан балалар төбелес шығарған.


Бізге әлі 2 000 инспектор қажет екен. Әрбір мектептің өз инс­пек­торы мен бірнеше психологі болмайынша, бұл мәселе ше­шіл­мейді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ар­найы мектепке жіберу керек.

Балалар колониясында не­гізінен қыз зорлаған, алаяқтық, ұрлық, әлімжеттік жасаған, кiсi өлтiрген жасөспірімдер отыр.

«Шыны керек, қазір балаға көңіл бөлетін ата-ана азайып, жаппай жұмысбасты болып кет­тік. Олар өзіне деген ма­хаббатты көшеден, сырттан іздейді. Басқалардың назарын өзіне аудартқысы келеді. Кез келген баланың бір қызы­ғу­шылығы болады. Мәселен, ол футболды немесе боксты қатты қалауы мүмкін. Әлде домбыра, гитара үйренгісі келе ме? Осын­дай ар­тықшылығын ертерек анықтап, баламен жү­йелі жұмыс жүргі­зілмесе, онда ол күшін осындай өзіне пай­дасы жоқ нәрселерге жұмсай бастайды. Міне, мен бұл мәсе­ленің түпкі себебін осыдан көремін» дейді балалар психо­логі Айгүл Рахметқызы.


Иә, мамандардың дабыл қаға­тындай жөні бар. Бүгінде балаларға қатысты қылмыстар саны екі мыңнан асты. Әсіресе, Түркістан (207), Ақтөбе (187), Солтүстік Қазақстан (59) об­лыстарында және Шымкент (2017 жылы – 122, 2018 жылы – 166), Астана (2017 жылы – 72, 2018 жылы – 84) қалаларында балаларға қатысты қылмыстың өршуі байқалады.

Ал енді осы қылмыстың алдын алу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп, тәрбие тінін ретке келтіру тиіс мамандар көптеп жұмылу керек. Алайда қазір бұл жағынан да ақсап тұрған жа­йымыз бар.

Министрлік келтірген дерек­т­ерге сенсек, бүгінде білім беру ұйымдарында 2 178 мектеп инс­пекторы мен 7 мыңнан астам психолог жұмыс істейді. Одан бөлек, 4 мыңға жуық қана әлеу­меттік педагог бар. Олар күн сайын мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен бірлесіп тиісті шаралар қабылдайды. «Бізге әлі 2 000 инспектор қажет екен. Әрбір мектептің өз инс­пек­торы мен бірнеше психологі болмайынша, бұл мәселе ше­шіл­мейді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ар­найы мектепке жіберу керек. Дәл қазір осындай 500-ден астам баланы арнайы мектепте оқыту керек. Алайда олар әлі де сол тұрғылықты жері бойынша қа­лып отыр. Ал ол айналасын­дағы адамдардың наразылығын туғы­зып, балалардың жазасыз қа­луына жол береді. Әсіресе, құқық бұзуға, қылмыс жасауға бейім, сотқар балаларға теріс әсер етеді», – дейді әлеумет­танушы Ерлан Бошай.

Бүгінде жергілікті полиция­ның бақылауында 10 мыңнан астам осындай жасөспірімдер бар екен. Мектеп оқушылары­ның жүріс-тұрысын қадағалауға қатысты түрлі рейдтер ұйым­дастырылғанымен нәтиженің жоқтығы қынжылтады. Оның барлығы біз айтқан маман же­тіспеушілігі, арнайы мектептер­дің жоқтығы және тәрбие тінінің сөгілуінде жатыр.


P.S.

Ата-анасы қарамаған баланы көше тәрбиелей­ді. Одан қалса, телефон мен теледидарға телміретіні тағы бар.

Статистикаға сенсек, бала бір күнде 17 рет өлім көрінісін, 37 рет атыс ша­быс, ұрып-соғу, қатыгез­дік картинала­ры­на куә бола­ды екен. Соның кесірі­нен баланың психикасы бұзылып, қалыпты дамуы тежеле­ді. Бойынан мейі­рім­ді­лік, ізгілік қасиеттері жойыла бастайды. Оған шынашақтай күнінен шы­быққа түскен бала­ның осыған бейім болатынын қосыңыз.

Пікір – пішен, мысал мың...


Ақбота ӘЛІМ