Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа базасына 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Экология департаментінің мәліметінше, ферма қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерге заңбұзушылықты жоюға уақыт берді. Егер талаптарды орындамаса сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.
Ақтөбе облыстық Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл: «7 млрд теңге шығын есептеліп отыр. Бір ай мерзім ішінде заң бойынша бюджетке түсу керек. Уақытында орындалмаған жағдайда әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастыратын боламыз», – дейді.