Полицияға қойылар талап жоғары
Полицияға қойылар талап жоғары
647
оқылды

Көлік полицейлері еліміздегі теміржол және әуе көлігіндегі нысандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мұндағы жолаушылар нөпірінің қаншалықты көп екені айтпаса да түсінікті. Бүгін бізге ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жұматаев жеке құрамды сапа жағынан да, сан жағынан да нығайта түсу үшін қандай жұмыстар ат­қарылып жатқанын айтып берді.

– Абзал Ғабдуллаұлы, өзінің Жол­дауында Қазақстан Президенті ішкі істер органдарының приоритетті ба­ғыт­тарын нақты түрде көрсетіп берді. Ендеше қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында құқық қор­­ғау органдары қызметкерлерін адам­дар­мен ашық диалог құруға үй­ретудің маңызын ерекше атап өтті. Ендеше, бұл бағыт кадр­ларды даяр­лау және іріктеу жүйесінде де прио­ри­тетті болып қалуы тиіс. Бүгінде біздің жұ­мысымыз ел Президенті қойған осы мін­дет­терді орындауға бағытталған. Ол дегеніміз – полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақ­сарту, ішкі істер органдарына канди­дат­тарды сынақтан өткізудің арнайы жүйесін енгізу, сол арқылы үміткер­лердің жеке басын және кәсіби машығын тексеру. Құқық қорғау органдарына қыз­мет­ке тұру қашанда конкурстық не­гізде жүзеге асырыла­ды. Барлық кан­дидат Қазақстан заң­намасын білу деңгейіне сынақ тапсырады. Соны­мен қатар мемлекеттік қызмет істері бо­йынша өкілетті органда олар­дың жеке қа­білеттері бағалана­ды. Тесттен сәтті өткен және жеке басының қабілеттеріне баға беріл­ген соң кандидат әскери-дәрігерлік ко­мис­сияға жолданады. Онда қызметке жарам­дылығы анықталады. Одан соң қызметке жа­рады деп танылған үміткер бос жұмыс ор­нын иеленуі үшін конкурсқа қатысады. Кон­курс ке­ле­сідей кезеңдерден тұрады. Олар – дене шынықтыру дайындығы бо­йын­ша нормативтер тапсыру және кан­дидатпен әңгімелесу. Конкурс­тық комиссия­ның оң нәтижесін ал­ған кандидат бастапқы оқу курсы­на жіберілгенге дейін тәжірибеден өтеді. полиция – Кандидаттарға қандай талап қойылады? – Ішкі істер органдары өкіл­деріне қо­йылатын талап әрқашанда жоғары. Поли­цияға қызметке тұратын кандидаттардан ең бірінші кезекте денсаулығының мықты­лығы, дене шынықтыру дайындығы, экстремалды жағдайларда психика­лық төзімділігі талап етіледі. Сондай-ақ кандидаттың жасы 35 жас­тан аспауы керек. Олар мерзімді әскери қыз­меттен немесе Қорғаныс ми­нистрлігінің әскери-оқыту резервін дайындау бойынша арнайы мекеме­лерінде әскери дайындықтан өт­кен болуы тиіс. Сондай-ақ Қазақстан  заң­­намасына сәйкес мерзімді әскери қыз­метке шақыртудан босатылған әлде кейінге қал­дырылған азаматтар қабыл­данады. Жыл ба­сынан бері біз­дің департаментте қызметке алы­натын кандидаттарды іріктеу сапа­сын жақсарту үшін бос жұмыс орын­дарына алты конкурс өткізілді. Оған сырттан бақылау­шылар қатысты. Жарияланған конкурстар 164 канди­дат қатысты. Солардың ішінде кон­курстан өтіп, әртүрлі қызметте та­ғылым­дамадан өтетіндер саны – 121 адам. – Қызметке қабылданғандар қандай дайын­­дықтан өтеді? – Құқық қорғау органдарындағы қатар­дағы, кіші және орта басшылық құрамдағы лауазымдарға бірінші рет кіріскелі отырған кандидаттар Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйым­дарында бастапқы кәсіби дайын­дықтан өтеді. Бастапқы кәсіби дайындық құқық қорғау органының қызмет ба­ғытына байланысты оқу бағ­дарламасы бо­йынша жүзеге асырылады. Олар – әкімшілік по­лиция, тергеу-криминалдық және жедел-іздестіру құрылымдары. – Жеке құрамның әскери-қызметтік дайындық деңгейін жетілдіру туралы айтып беріңізші? – Біздің азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі ең бірінші кезекте полиция қызметкерлеріне байланысты екенін атап өту керек. Ал полиция қызметкерлерінің қыз­меті әрқашанда олардың өмірі мен денсаулығына деген қауіп-қатерден тұрады. Сондықтан да тек қана дене шынықтыру дайындығы мықты адамдар ғана қылмысқа қарсы тұра алмақ. Өйткені қылмыскерлерді ұстау кезінде қоян-қолтық айқастың тәсілдерін біліп қана қоймай әртүрлі қару түрінен дәлдеп ата білу де қажет. Сондай-ақ бұл жерде дене шынық­тыру дайындығы да жоғары болуы тиіс. Міне, дәл осы мақсатта біздің ішкі істер органдарының кадрлар даярлау жүйесінде жеке құрамының әскери және дене шынықтыру да­йын­дығына үлкен көңіл бөлінеді. Ал жедел қызметтік жұмысқа бейімделу үшін кәсіби дайындықты ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын Ішкі істер министрлігінің құрылымында, сондай-ақ Көліктегі полиция депар­таменттерінің құр­амында арнайы дайындық бөлім­шелері құрылған болатын. Бүгінгі таңда аталған бөлім­ше қызметкер­лер­дің тактика­лық арнайы дене шынықтыру және оқ ату дайындық­тарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Олар құқыққа қайшы келмейтін және нәтижесі жоғары іс-әрекеттерді орындай отыра, әскери-қызметтік міндеттерді үлкен жетістікпен атқарып шығуға, соның ішінде дағдарысты жағдай­ларда арнайы операцияларды жоғары деңгейде орындауға машықтандыратын жұмыстарды жүзеге асырады. полиция – Бүгінде ішкі істер органдарының негізгі мін­дет­терінің бірі – полицияға деген халық сенімін арттыру. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүруде? – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  жа­рия­лағандай, «еститін мемлекет» форму­ласы, ол – тиім­ділігі жоғары мемлекеттілікті да­мытудың ажырамас бағдары. Бұл дегеніміз – мемлекет азаматтарының барлық сұ­ранысына жедел және конструктивті түрде ден қою қажеттігін білдіреді. Шындығында да аза­маттардың сұранысына уақытылы ден қою, яки шешім қабылдауға қоғамның да жұ­мыл­дырылуы, мемлекеттің ашық екенін біл­діреді және оны мықты ете түседі. Сон­дықтан да халықтың полицияға деген сенімі біздің қызметкерлердің кәсібилігімен тіке­лей байланысты екендігін атап өткім келеді. Олардың өзінің міндеттерін бұлжытпай орын­дауы, мұқияттылығы және адамдарға де­ген тілекші ықыласы осыны ай­ғақтайды. Біздің департаментте тұрақты түрде «Жол үстінде кездесу» атты акция өтіп тұра­ды. Бұл жол жүріп бара жатқан жолаушы­лармен пойыз вагондарында өтетін кездесу­лер. Сондай-ақ мұндай кездесулерді біз темір­жол ұйымдары мен әуе тасы­малы қыз­ме­тін көрсететін кәсіп­орын­дардың ең­бек ұжымдарымен де өткіземіз. Күнделікті қыз­мет бо­йынша туындайтын ұсыныстар мен сұрақтарды талқылап, оларды шешу үшін шаралар қабылдаймыз. Полиция қызметін бағалау кри­терийінің бірі қоғамдық пікір екені белгілі. Сондықтан да көлік поли­циясының ақпараттық тұрғы­дан ашық бола түсуіне бүгінгі таңда интернет ресурстарының да үлесі зор болып отыр. Біз­дің департаменттің қызметі туралы аза­мат­тар әлеуметтік желілердегі парақша­ларымыз ар­қылы да таныса алады және осы бай­ланыс арқылы біздерге хат және ұсыныс­тары болса электронды түрде жолдай алады. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрлан ҚОСАЙ