Дәулет Төлеубаев Дональд Трампта қонақта болды
Дәулет Төлеубаев Дональд Трампта қонақта болды
130
оқылды

Гольф спортымен АҚШ-та ерекше жетістіктерге жеткен қазақстандық Дәулет Төлеубаев Президент Дональд Трампта қонақта болды,– деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Стэнфорд университетінің гольфшылар командасында өнер көрсететін отандасымыз NCAA (АҚШ пен Канаданың ЖОО-лары мен колледждері енген Ұлттық университеттік спорт қауымдастығы) чемпионы болды.

Дональд Трамптың гольф алаңдарында өткізетін уақыты жөнінде америкалық баспасөзде жиі талқыланады. Журналистердің есебіне сәйкес, оның АҚШ Президенті лауазымындағы күндердің 23 проценті гольф ойнаумен өткен. Трамп аталмыш спорт түріне арналған беделді жарыстардың нәтижесін мұқият бақылап отырады. Бұл жолы оны өздерінің мүлтіксіз жеңісімен Стэнфорд университетінің командасы тәнті еткен

«Құрамына қазақстандық Дәулет Төлеубаев енген команда соңғы 12 жылда Ұлттық университеттік спорт қауымдастығының қайта чемпионы болды. Америкалық танымал телеарналар Д.Төлеубаевтың тамаша ойынын әлі де көрсетіп жатыр», – деп хабарлайды «Хабар 24».

Трамп 2.jpg
 

Дәулеттің айтуынша, бұл – барлық команда мүшелерінің жеңісі. «Бұл – Америка колледждері арасындағы турнир болды. Мен командамыздағы 5 гольфшының бірімін. Төрт күндік ойыннан кейін «бірге бір» матчына көшеміз. Жартылай финалда менің ойыным соңғы матч болды. Есепті 2:2-ге теңестіре алдық. Және соңғы шұңқырда өз матчымда жеңіске жеттім. Осылайша, финалда командама жеңіс әкелдім. Бұл, жалғыз менің ғана нәтижем емес, әрқайсымыз өз матчтарымызда үздік болдық. Иә, мен тек оған көмектестім», – дейді ол. Дәулеттің бапкері Конрад Рэй оның ерекше мінезін атап өтіп, бірнеше рет ойынның шешуші сәтінде команданы жеңіске жеткізгенін айтты. «Дәулет Стэнфорд сынды әлемдік деңгейдегі университетте жақсы білім ала отырып, студент-спортшының үздік бейнесін қалыптастыруда. Әлемнің өзге бөлігін таныстырып жүрген оны біздің қатарымыздан көруге қуаныштымыз...Президент Д.Трамп шамадан тыс саяси қызметіне қарамастан, спортқа көңіл бөліп, командалар мен жеңімпаздарға қошемет білдірді. Ол өзі гольфшы және бұл – бізді біріктіреді. Біз онымен әңгімелесіп қана қоймай, Ақ үйді де аралап шықтық»,– дейді Конрад Рэй.