Өрттен бес баласынан айырылған елордалық отбасы ұлды болды
Өрттен бес баласынан айырылған елордалық отбасы ұлды болды
5,127
оқылды

Өрт салдарынан бес қызынан айырылған отбасы ұлды болды. Бұл туралы Тәңірберген Бердоңғаров Facebook парақшасында хабарлады.

«Өрт салдарынан балаларынан айырылып, қайғыға батқан Ситер отбасын сәбилі болуымен құттықтаймын! Жанымгүл аяғы ауыр болған кезде көз тимесін деп бұл туралы ешкімге айтпауымды өтінген еді. Бүгін олардың шаңырағында қуанышты жаңалық! Өмірге ұл келді!», – деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров.

Ол ерлі-зайыптыларды ұлды болуларымен құттықтады.

«Сіздерді халық атынан құттықтаймын және ұлдарыңыздың несібесі арта берсін деп тілейміз! Сіздердің қыздарыңызға деген махаббатыңыздың, қарындастарының құрметіне лайықты мұрагер болсын! Бұл махаббат оны барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Бауы берік болсын!», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 4 ақпанда Ситер отбасында бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиға болды. Жер үйден шыққан өрт салдарынан олар бес қызынан айырылды.