Қарағанды қаласының GGG денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «ҚХП» және «Жеңіс» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.
Футбол матчы тең есеппен аяқталды. Нәтижесінде достық жеңді. «ҚХП» командасының атынан Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің жастар қанаты қатысты. Бұл «ҚХП»-ның алғашқы турнирі емес, футбол алаңындағы белсенділігін төрт жылдан бері көрсетіп келеді. Оларға қарсылас болған «Жеңіс» командасы – қарағандылықтардың әуесқой командасы. Әр құрама 5 ойыншыдан құралды.
«Мен футболды жақсы көремін және денсаулығым мықты болғанын қалаймын. Сондықтан бос уақытымда футбол залына барып ойын ойнаймын. Толқу, қозғалыс, бірлік және командалық рух керемет көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, қарым-қатынасымыз да тамаша, ортақ қызығушылығымыз бар, ол – спорт» – дейді «ҚХП» командасының ойыншысы Роман Осокин.