Ержан Максим: Халықтың қолдауымен жеңіске жеттім
Ержан Максим: Халықтың қолдауымен жеңіске жеттім
163
оқылды

Польшада өткен Junior Eurovision – 2019 ән байқауында екінші орын алған Ержан Максим отандастарына алғыс айтты.

Әнші Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлерімен түскен видео жариялады. «Құрметті достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім. Маған дауыс бергендеріңіз үшін көп-көп рақмет! Осы жеңіске сіздердің арқаларыңызда жетіп отырмын», – деп жазды әнші.