Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды
Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды
5,113
оқылды

Өрт сөндіру барысында төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге 4 минутта жетті. Олар келгенде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай жанып жатты», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр. Оның шығу себебі анықталып жатыр.