Алимент төлемегендердің фотосы көшеде ілініп тұрады
Алимент төлемегендердің фотосы көшеде ілініп тұрады
349
оқылды

24.kz-тің хабарлауынша, Қостанай қаласында жыл басынан бері 37 миллион теңгеден астам берешек өндіріліп алынған.

Қостанай қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы жеке сот орындаушылардың қолында 6 мыңнан артық іс бар. Көбісі – алимент төлеуден қашқандар. 1200 борышкер 2725 балаға тиесілі қаржыны төлемей отыр. Ескерту қағазын алған 300 әке қарыз екенін біле тұра ешқандай амал қолданбай отыр.

Қостанай қаласы прокуратурасының аға прокуроры Гүлсім Иманбаева: «Алимент төлей алмайтындардың дені – тұрақты жұмысы жоқ адамдар. Миллиондаған қарызы болса да, еңбек етуден қашатындар бар. Мұндай жағдайда ізденуші тараптың арызымен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Таяуда қарызынан қашқан 5 азаматтың ісі сотта қаралды. Тағы 28 әкеге қатысты әкімшілік іс қозғалды», – дейді.