Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«14 желтоқсанда таңғы сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданы аумағында №109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті», – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Өртті сөндіруге 30 адам, 7 техника және 1 пойыз жіберілді. Өрт басқа вагондарға таралмау үшін жүк вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.Өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған. Сағат 07.19-да өрт сөндірілді. Жүк вагоны толығымен жанып кетті.«Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», – деді Талғат Уәли.
Фото: ТЖМ-нен алынды