Халық қолдаған қозғалыс
Халық қолдаған қозғалыс
115
оқылды

Нұр-Сұлтанда Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының халықара­лық форумы өтті.

.

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген жиын авто­ше­румен басталды. Автомобильдер Қазақ­станның мемлекеттік рә­міздерімен безендірілді. Авто­керуен Достық үйінен Еуразия ұлттық универ­ситетіне дейін жалғасты.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­­басары — Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік қыз­мет­керлер, қоғамдық ұйымдар­дың басшылары, Ресей, Қырғыз­стан, Башқұртстанның жас көш­басшылары, этномәдени бірлес­тік өкілдері қатыстыЖиында сөз сөйлеген Жан­сейіт Түймебаев жыл бойы жүзеге асқан жобалар жөнінде кеңінен баяндады.

– «Жаңғыру жолы» респуб­ликалық жастар қозғалысының Жол картасы аяқталды. Бір жылда 5 мыңнан аса адам 29 жобамызға белсенді атсалысты. Ресей халық­тарының жастар Ассамблеясымен меморандумға қол қойылды, та­тарлардың дүниежүзілік кон­гре­сімен (Ресей) және «Миссия Си­бирас» (Литва) экспедиция­сы­мен бірлескен іс-шаралар өткіз­дік. Арыстың халқына гумани­тар­лық көмек көрсету үшін «Арыс, біз біргеміз!» жалпыұлттық акция­сында жұмыс істеген жас­тарды мақтан тұтамыз. Волон­тер­ліктің үлкен әлеуеті дамиды. Social Assembly республикалық фо­­румында «Жаңғыру жолы» бел­сенділері еріктілер жылында ерек­ше бастамаларын халық қол­дады. Оның ішінде, Достық үйле­рінде волонтерлік қозғалыс орта­лық­тары ашылды. Ассамблея сай­тындағы Qadam білім беру бө­лімін және жас әлеуметтік кә­сіп­керлер мектебін әзірлеу жос­парымызда бар. Сонымен бірге еріктілерге мәдени нысандарды аралау үшін жеңілдік жасау қа­растырылды. Бірыңғай дисконт картаны енгізу, этномәдени бір­лестіктер халықа­ралық іс-шараға қатысуы үшін Open Qazaqstan жо­басын іске асырамыз. Нұр-Сұлтанда барлық елдің жас­тары қоян-қолтық жұ­мыс істеуге мүм­кіндік алады, — деді Жансейіт Түймебаев.

Форумда жастар қанатының мүшесі, «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауының жеңімпазы Юлия Лагуткина мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауымыз керек деген ойымен бөлісті. Ал Ресей халықтары жастар Ассам­блея­сының Омбы өңірлік бөлім­шесінің төрағасы Ермек Хапизов бірлікті сақтауға үндеді.

— Біз Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХА рес­публикалық жастар қозға­лысының «Жаңғыру жолы» өңір­лік екі штабымен өзара тығыз қа­рым-қатынаста жұмыс іс­тей­міз. Өзара достығымыз — баға жет­пес бай­лық, — деді ол. Со­ны­мен қатар ISIT интернет-тех­но­ло­гиялар инновациялық мек­тебі­нің дирек­торы Әмір Сүлей­менов жарымжан жандарға кө­мек көр­сету — азаматтық парыз еке­нін жеткізді. «Біз мүмкіндігі шек­теулі 200 адам­ды оқыттық. Бұл сұра­ныс­қа ие мамандықтар. Қа­шық­тық­тан жұмыс істеу үшін де мүм­кіндіктер жасай аламыз» деді ол.

Форум жастарды біріктіруге әрі оларды қазақстандық патрио­тизм рухымен тәрбиелеу, көшбас­шылыққа баулу, жастарды ынта­лан­дыруға бағытталды.

Форум жастардың белсенді­лігін арттырып, олардың әлеу­мет­тік және шығармашылық тұр­ғыдан өзін-өзі көрсетуіне, сондай-ақ жастар жобаларын әзірлеу мен одан әрі ілгерілетуге ықпал етті.

 

М.БАҚЫТ