Қасқырға таланған 29 жастағы келіншек Жангелдин аудандық орталықтандырылған ауруханасында жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева: «Әйелді аудандық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтің тексеруінен өтті. Хирургиялық ота қажет емес. Қасқыр әйелдің қарнынан тістеген. Оған антирабикалық вакцина салынды. Вакцина құтыруға қарсы пайдаланылады», – деді.