Бұл туралы аймақ басшысы онлайн жиында айтты.
«Энергетикалық қадағалау департаментіне облыстағы барлық жылу электр стансаларына қайта тексеруді тапсырамын», – деді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, 13 желтоқсанда Абай ауданында Каzakhmys Еnеrgу ЖШС Топар-2 МАЭС-де №14 қазандықтың бу құбыры жарылды. Жарылыстан бір адам қайтыс болды. Үш адам ауруханаға жатқызылды.