Бұған дейін күйеуінің тарапынан қысым көріп, балаларынан айырылып қалмаудың амалын жасап жүрген 29 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Осы оқиғадан соң қоғамда резонанс туып, Қазақстан Президенті мен республика Парламентіне арналған петиция жарияланды. Бұл жағдайға қатысты екі тараптың да ойын ортаға салуды жөн көрдік.
«Қазақстан әйелдеріне қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық» атты петиция авторлары бірқатар талап қойып отыр. Атап айтқанда, «дәлелдемелерді жинау және психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық, діни зорлық-зомбылық, қудалау, қорқыту, бопсалау, отбасы мүшелеріне мәжбүрлеп несие рәсімдеу деректерін анықтау бойынша жедел шаралардың мемлекеттік стандартын әзірлеу» ұсынылды. Белсенділер «ұрып-соғу» және «денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» баптарын қылмыстық құқықбұзушылық санатына ауыстыруды талап етіп отыр. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігін де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбанын жеке статистика мен картотекаға енгізуді міндеттеп отыр. Facebook-тегі Немолчиkz парақшасында да Сымбат Құлжағарованың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізу туралы өтініш пайда болды. Қыздың туыстары мен достары оның өз-өзіне қол жұмсағанына және өлімі үшін ешкімді кінәламайтынын хатқа жазғанына сенбейді. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша қарастырылады. Экспертизалар жасалып, қажетті тергеу амалдары жасалады.Пікірлер екіге жарылды
Марқұмның өліміне қатысты пікір екіге бөлінді. Бірі – Сымбаттың қазасына күйеуінің зорлығы мен қысымы себеп болды десе, енді бірі – Сымбаттың науқас болғанын, желідегі ақпараттардың бәрі бірдей шындық емесін айтып отыр. Сіңлісі Гүлбану қазан айында желідегі парақшасына мынадай пост жариялаған еді. «Биыл жазда Сымбат ажырасуға өтініш бермек болды. Оған Абай келіспеді. Егер ажырасатын болса, психиатриялық ауруханаға жатқызып, балаларды тартып алатынын айтып қорқытқан. Нәтижесінде, шынымен ауруханаға жатқызып, «есі дұрыс емес, өзін-өзі өлтірмек болды» деген сылтау айтқан. Сөйтіп, Сымбат бір аптадай психиатриялық ауруханада жатып шықты. Кейін амалсыз бірге тұра бастады. Қыркүйекте ресми түрде ажырасуға өтініш беріп, сотты күткен. Сол кезде Абай оны соққыға жыққан. Денесін көгерткен. Ата-ана құқығынан айырар деп қорыққаннан сол күні ол күйеуінің үстінен арыз жазбаған екен. Бірақ қазанда ақыры полицияға шағымданады. Одан кейін бірнеше рет ұрған, ізіне түскен». Гүлбану қазір Дубайда тұрады. Әпкесімен телефон арқылы байланысып тұрған.Бірақ құдамыз «қызым ауру емес, сендер ойлап тауып жүрсіңдер» деп кінә тақты. Содан кім емдетсе де, бастысы жазылса болды дегенбіз. Бірақ енді соңы осылай аяқталды. Осы күнге дейін келінім жазғанды да, оның жағына шығып шулатып жүргендерді де көріп отырдық. Ақталғымыз келмеді. Дегенмен бүгін өздеріңіз хабарласып, мән-жайды сұраған соң айтып отырмын. Құдама да «бір шай үстінде шешілетін әңгіме еді, жалпақ жұртқа жария қылдық. Балалар нендей күйде болады?» дегем. Жала жабылып, біз де құдды әлем төңкерілгендей күйде отырмыз», – деді Тілеген Нұрекенов.Бұл – бір тараптың пікірі. Ал қарсы тарап қандай уәж айтар екен деп оларға да хабарластық. Алдымен марқұмның қайын атасымен байланысқа шықтық. «Өз-өзіне осыған дейін қол жұмсамақ болған соң жедел жәрдем шақырғанымызда «бұл біздің науқас емес, психиатриялық ауруханаға апарған жөн», – деді. Түк жаман ниетіміз болмады, емделіп шықса дедік. Бірақ толық емін алғанша күтпей, ертерек шығарып алдық. Сол кезде Сымбат жасаған қылықтары үшін бізден кешірім сұраған еді. «Ештеңе бүлінген жоқ, бәрі жақсы, айналайын» дестік.
Сынықшыға неге барды?
Желіде Сымбаттың анасы «Күйеу баласына ақшаға сатылып, сөзін сөйлеп отыр» деген ақпаратты көзіміз шалды. Осындай қиын сәтте хабарласу да оңай болған жоқ. Байыппен, мәселенің мән-жайын сұрадық. Базаргүл Құлжағарова телефонмен тілдескен, үйде бірге болған кездердегі жағдайдың бәрін тізбелеп айтып берді. «Сымбаттың жағы осыдан 10-15 жыл бұрын ұлғая бастаған. Содан ыңғайсызданып, косметологиялық жолмен жөндей алмаған соң сынықшыға барған. Жылдың басында ол емшіге барғалы тәртібі өзгерді. Әлгі сынықшы «Күйеуіңнің екі көңілдесі бар, біреуі жүкті. Сенен балаларды тартып алады» депті. Соның сөзіне еріп, 400 мың теңге ақша аударып, балалардың, өзінің құжатын да беріп қойған. Мұны біз кейін білдік. Өзі де жағып жүр екен, маған да бір крем берді. Оны сол емші берген екен. Сол дуалаған деп ойлаймын. Біртүрлі қылық көрсетіп жүр деген соң жанына барғам. Сол кезде терезеден секірмек болды, ұстап қалдық. Алмас жұтып қойып, содан ауруханаға апарғанбыз. Жастығының астынан пышақ тауып алдым. Бірде жап-жақсы бәрін түсініп қалады да, бір кезде өзгеріп кетеді.Марқұм Сымбат жолдасының ұрғанын, ізіне түскенін парақшасына жариялаған еді. Сонымен бірге күйеуінің балағаттап жатқан аудиосы да тарады. Бұған қатысты не айтар екен деп Абай Әбдіғаниевке хабарластық. «Аудиожазбада қызбалықпен балағат сөз айтқаным рас. Тұрмыстық келіспеушілік болады. Өйткені тәртібі өзгеріп, үйге де, балаларға да қарамай, тамақ істемей, тіпті жөнді сөйлеспей қалған. Сол кезде ашумен шыққан сөздер. Түнде жақсы сөйлесіп, өз-өзіне келеді де, күндіз әлдекіммен сөйлесіп, «ажырасамын» деп хат жазып жібереді. Сол сәттерде нағашы әпкесі де жанында болған. Ол да Сымбаттың қылықтарын түсінбейтінін айтқан. Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша қазір іс жүріп жатыр. Ауруханадан шығарып алғанда жазған шағымы болатын. Сол іске байланысты онымен мүлдем хабарласа алмадым. Соңғы рет 24 қарашада бетпе-бет жүздескенде көрдім. Ертесіне Дубайға ұшып кеткем. Қазақстанда болмасам да, полиция қызметкерлеріне «мені аңдып жүр» деп өзін қорғауды сұраған. Соған қарағанда көзіне қос көрінген сыңайлы. Әйтпесе, оны соққыға жыққан емеспін. Көзбе-көз кездесу кезінде «қалай ұрды?» деген сұраққа жауап бере алмады. Бас бармағы сынғанды да экспертиза растамады. Арандатушылар сценарий құрып, әзірлеп берген. Көгерген іздерді де көргенде анасынан не болғанын сұрағам. Сол кезде әлгі емшіге барып, ол әрі массажист болып, түрлі ем қолданған екен. Интернеттен массаждан кейінгі көгеруді қарасаңыз, суреттің дәл сондай екенін байқауға болады», – дейді Абай Тілегенұлы.Қызым өлгенде ақша үшін өтірік айтып нем бар? Бар болғаны іштей тынып, жасырып жүрдім. Біздің түсінігіміз дұрыс емес. Психиатриялық аурухана десе, бірден жынды деп қорқамыз. Психиатр, психотерапевт, психологтердің айырмашылығын білмейміз. Ал негізі тағы 2-3 ай емделсе, жақсы болып кетер еді. Жүрегім қан жылайды. Оған қоса, жан-жақтан табалап, қысым көрудеміз. Немерелерімнің суреттерін, аты-жөнін ашық жариялап жатыр. Бұл жаны ашыған адамның қылығы ма? Балалардың болашағын неге ойламайды? Ақиқатты білмей, аттандай берген жөн емес. Қызымның рухына тыныштық берсе деймін» деп ағынан жарылды күні кеше перзентінен айырылған ана.
Анасы жалған сөйлеп отыр ма?
Қазақстан жастары конгресінің жетекшісі Перизат Қайрат – істің басы-қасында жүргендердің бірі. Ол Сымбаттың күйеуі тиісті жазасын алуы керек деген пікірде. «Құқық қорғау органдарының кейбір өкілдері мен бастапқыда еш негізсіз Сымбатты қабылдаған жындыхананың кей қызметкерлері арнайы тексерілсе екен. Әсіресе, тергеу бөлімінде Абайдың Сымбатқа «мүлдем тырыспай-ақ қой, барлық күш менің қолымда» деген сөздері елеусіз қалмаса дейміз. Анасы ақша үшін жалған сөйлеп отыр», – дейді ол. Бұл шиеленіскен оқиғаның ақ-қарасы қалай ажырайтыны белгісіз. Бірақ өлгеннің артынан өлмек жоқ. Сымбат мәңгі сапарға аттанды. Қазір бастама көтеріліп, қолға алынған петицияның пайдасы мол болары да кәміл. Себебі тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қаншама қайғылы оқиғаға куә болып келеміз. Одан қала берді, емші, тәуіп, балгерге барып, сөзіне сеніп қалудың да нәтижесі қайғылы болатынына осы оқиға дәлел. Тәртібі өзгеріп, мінезінің құбылуына қарап күйеуі жағы бәлкім жын кірген болар деп, дұғамен емдемек болған. Осы ретте өзін мұсылман санайтын қауымның таза жүргені, түрлі тәуіпке сеніп, адаспағаны да дұрыс. «Жын кірді дегенге сенбейтіндерге ештеңе істей алмаймыз. Алла жүрегіне салмаса, мың дәлел әкелсеңіз де, қабыл алмайды, сенбейді. Ішіне жын кірді дегенге сенбегенімен, кейін «рас екен» деген талайы болды. Депрессияға түсудің көбіне сиқырдың себебінен болатыны рас», – дейді талайды Құранның қасиетті аяттарымен емдеген Данияр имам.Жадыра АҚҚАЙЫР