Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қалада өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус анықталды. Сондықтан қаланың бас санитар дәрігер тұрғындарды адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева: «Қаладағы жағдай күрделенбеуі үшін, қатаң шектеулерді қайта енгізбеу үшін мереке күндері үйде болып, адам көп жиналатын орындарға бармау қажет. Жиындар өткізбеу керек. Жағдайды тұрақтанбаса шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғандар жауапқа тартылады», – деді.