France Football футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардан команда жасақтады
France Football футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардан команда жасақтады
321
оқылды

Францияның France Football журналы футбол тарихындағы ең үздік құрамды жариялады. Оған өз клубтары мен ұлттық құрамаларының лидерлері енді. Басылым 3-4-3 схемасы бойынша команда жасақтап шықты.  

France Footbal нұсқасы бойынша үздік құрам төмендегідей: Қақпашы: Лев Яшин (КСРО) Қорғаушылар: Паоло Мальдини (Италия), Франц Беккенбауэр (Германия), Кафу (Бразилия) Жартылай қорғаушылар: Лоттар Маттеус (Германия), Хави (Испания), Диего Марадона (Аргентина), Пеле (Бразилия) Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Роналдо (Бразилия), Лионель Месси (Аргентина). футбол тарихы Айта кетейік, үздік құрамды «Алтын допқа» дауыс беруге қатысқан әлемнің әр түкпірінен келген 140 журналист дауысқа салу арқылы таңдады.