Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігімен бірлесіп, Қостанай облысы әкімдігі, Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың шығармаларын ағылшын тілінде жарыққа шығарды. Корольдік географиялық қоғам ғимаратында аралас форматта өткен шараға Кембридж университетінің білім беру саласындағы Кембридж серіктестігінің басқарушы директоры Джейн Манн, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов, аудармашы Арч Тейт, сондай-ақ кітап редакторы, британиялық жазушы Ник Филдинг қатысты. Кембридждік әріптестіктің білім беру саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Энни Михайлиду салтанатты іс-шараның модераторы болды. Ш. Уәлиханов қысқа ғұмырында шығыстану ғылымына қомақты үлес қосты. Ол Қазақстан тарихында ғалым, географ, картограф және суретші ретінде өшпес із қалдырды.[caption id="attachment_95865" align="aligncenter" > Фото: www.gov.kz[/caption] Кітапқа Ш. Уәлихановтың Орталық Азияның географиясын, тарихын, этнологиясын және экономикасын зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері енген.Жиында елші Ерлан Ыдырысов: «Шоқан Уәлихановтың Қазақстан ғана емес бүкіл Орталық Азияның тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі зор. Оның еңбектері осы маңызды аймақтағы халықтар өмірінің көптеген аспектісіне жарық түсірді. Бүгін біз Ш. Уәлихановтың 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген төрт шығармасынан бергі алғаш рет аударылған жинағын ұсынамыз», – деді.