Техас: Зауыт өртеніп жатыр
Техас: Зауыт өртеніп жатыр
299
оқылды

CNN-ге сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, АҚШ-тың Хьюстон қаласының маңындағы химия зауытында бір күн ішінде екі жарылыс болды.

«Техас химия зауытында сәрсенбі күні түс қайта тағы да жарылыс болды. Ол жерде әлі де химикаттар жанып жатыр» делінген хабарламада.

TPC Group зауытында жергілікті уақытпен 01:00 шамасында жарылыс болған. Апат салдарынан кем дегенде үш адам жарақат алған. Порт-Нечес қалашығының инфрақұрылымына зақым келген. 12 сағаттай уақыт өткен соң зауыт тағы да жарылған. Жергілікті билік 6,5 шақырым радиусқа дейін эвакуация жасаған.

Өйткені тағы да жарылыс болу қаупі бар.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Апаттың себебін тергеу анықтайды.