Сауль Канело Альварес британдық Каллум Смитті жеңді – видео
Сауль Канело Альварес британдық Каллум Смитті жеңді – видео
165
оқылды

Мексикалық Сауль Канело Альварес британдық Каллум Смитті жеңді. Жекпе-жек Американың Сан-Антонио қаласындағы Alamodome стадионында өтті.

Жекпе-жек  12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті. Екі спортшы үшін де бұл 2020 жылдағы бірінші жекпе-жек. Канело өткен жылдың қараша айынан бері алаңға енді шығып тұр. Өткен жылы  WBO титулының иегері ресейлік Сергей Ковалевті 11-ші раундта жеңген болатын. Смит де  мұның алдындағы жекпе-жекті 2019 жылдың қараша айында өткізген. Ол төрешілер шешімімен Джон Райдерді жеңген еді.