Сағынтаев Алматы тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз ету мерзімін айтты
Сағынтаев Алматы тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз ету мерзімін айтты
135
оқылды

Елордада ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала халқы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Әкім мегаполисте су құбылары мен кәріз желілерін тарту жұмыстары басталғанын атап өтті. Одан бөлек, қала басшысының айтуынша, көше жарығы да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей және жанама ықпал ететін факторлардың бірі.

«Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды», – деді Бакытжан Сағынтаев.

Шаһар басшысы келесі жылы 1 176 көшенің жарығы реттеліп, сыртқы жарық деңгейі 100 пайызға жететінін жеткізді.

Бақытжан Сағынтаев атап көрсеткендей 2023 жылы Алматы тұрғындарын ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарда тұр.