– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;
– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге болады.
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңға сәйкес айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.
Зейнетақы мөлшері «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 7 пайызға өседі.