20 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.
Комитеттің мәліметінше, елімізге шетелден 2 824 жолаушы келген.
Оның 2 461-інде ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған.
Анықтамасыз 363 жолаушы ұшып келген.
Оның ішінде:
– Алматы қаласының әуежайына – барлығы 10 рейс, 1 633 жолаушы келді, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз – 143;
– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен – 922; анықтамасыз – 220;
– Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;
– Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасы жоқ азаматтар COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.
Ал 19 желтоқсанда анықтамасыз келген Қазақстанның 237 азаматының ПТР тест нәтижесі белгілі болды. 3 жолаушыдан коронавирус анықталды. 2 жолаушы Минсктен, біреуі Франкфуркттен Нұр-Сұлтанға келген.