Аудан тұрғыны, аға медбике Шырынкүл Сланқызы ауылдық медицинаны дамыту төңірегінде пікір білдірді. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Бисембаев, аудандағы медицина саласын дамытуға байланысты партияның алға қойған мақсатымен таныстырды.
– «Nur Otan» партиясы ауылдық жерлердегі емханалардың материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету, шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қол жетімділігі кезең-кезеңімен шешуды мақсат етіп отыр. 2025 жылға дейін 2 елді мекендегі медициналық мекемелердің жылу қазандықтарын газға ауыстыруға, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялары ғимараттарын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханаға 3 медициналық жедел жәрдем автокөлігін сатып алуға, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуде тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету мәселесін үнемі назарда ұстайды, – деді Н.Бисембаев.
Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.