Инклюзивті білім беретін мектептер саны 10-нан 29-ға дейін өседі
Инклюзивті білім беретін мектептер саны 10-нан 29-ға дейін өседі
143
оқылды
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында «Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлан Бисембаев, Индира Әбдібекова, Нысанбаев Бақытжан, Алпысбай Серкешбаев және аудандық штаб мүшесі Гүлжауһар Раева білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Кездесуде білім, денсаулық, мәдениет, жастар тәрбиесі тақырыптары сөз болды. №121 орта мектептің кітапханашысы Гаухар Жүсіпова білім саласының жетістіктерін сөз етіп, саланы дамытудағы партияның алдағы жоспарын сұрады. – «Nur Otan» партиясы сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 8 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, 1 ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пункттерді ашу және оларды арнайы мамандармен қамтамасыз етуді көздейді. Әсіресе, көп балалы отбасылардың балаларын оқытуға жағдай жасалып, керек жабдықтармен  қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сонымен қоса білім беру саласында 2025 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 10-нан 29-ға дейін, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін арттыратын боламыз, – деді бағдарламаға тоқталған  үміткер Индира Әбдібекова. Инклюзив Аудан тұрғыны, аға медбике Шырынкүл Сланқызы ауылдық медицинаны дамыту төңірегінде пікір білдірді. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Бисембаев, аудандағы медицина саласын дамытуға байланысты партияның алға қойған мақсатымен  таныстырды. – «Nur Otan» партиясы ауылдық жерлердегі емханалардың материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету, шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қол жетімділігі кезең-кезеңімен шешуды мақсат етіп отыр.  2025 жылға дейін 2 елді мекендегі медициналық мекемелердің жылу қазандықтарын газға ауыстыруға, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет елді мекендерінде  дәрігерлік амбулаториялары ғимараттарын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханаға 3 медициналық жедел жәрдем автокөлігін сатып алуға, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуде тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету мәселесін үнемі назарда ұстайды, – деді Н.Бисембаев. Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға  шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan»  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.