Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот процесі онлайн форматта өтті.Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты.Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатымен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom арқылы сот отырысына қатысты.
Айта кетейік, былтыр Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жасар қыз ауыр соққыдан қайтыс болған еді.