Өткен тәулікте Атырауда 62 адамнан короновирус анықталды.
«Науқастар арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Теңіз кенішінде 30 жұмысшы ауруға шалдықты. Сондай-ақ Қызылқоға ауданында – 3, Индер ауданында – 4, Құрманғазы ауданында – 3, Исатай ауданында 1 адамнан коронавирус анықталды» делінген басқарманың хабарламасында.
Өткен тәулікте коронавирустан 13 адам емделіп шыққан. Облыстық инфекциялық стационарда - 84, аудандық ауруханаларда 16 науқас емделіп жатыр.
Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационардағы науқастардың саны 364-ке жетті.