Тұңғыш Президент феномені
Тұңғыш Президент феномені
154
оқылды

Биыл қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін жаңа саяси жағдайда атап өтіп жатыр.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары қалыптасқан саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін тағы бір дәлелдейтін биліктің ауысу рәсімі өтті. Бұл Тұңғыш Президенттің феноменін, оның жеке және тұлғалық, институционалды, сипаты мен тарихи маңыздылығын қайта ұғынуға себеп болып отыр.


Азматык форумы 01.jpg

Қазақстандық билік транзиті посткеңестік кеңістіктегі билікті табыстаудың ең тиімді үлгісі болғаны сөзсіз. Бұл басқару — билігі мен саяси мәдениеті ұқсас елдер үшін үлгі болуға тұрарлық тәжірибе. Елдің даму стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз ету – бұл жетістіктің басты өлшемі.

Алматы зия каумен кездесу 01.jpg

Ел астанасына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру нәтижесінде, бұл транзиттің процедурасының символы да көрініс тапқан болатын. Бұл әрине, Елбасының тәуелсіздігіміздің басты тіректерінің бірі екендігін және Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасуында оның рөлі жоғары екендігін көрсетеді.


Алматы зия каумен кездесу 02.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының сабақтастық бағытын оның сайлауалды тұғырнамасының басымдығы ретінде алды. Сабақтастық елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизациясының бағдарлары - Елбасы әзірлеген бағдарламалық құжаттар – «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Стратегиялық даму және 2025 жылға дейінгі әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспары, сонымен қатар, Ұлт жоспары бес институционалды реформаны жүзеге асырумен айқындалды.


Алматы метро курлысшылармен кездесу 1.jpg

Саяси кеңістікте бір жағынан халық сайлаған Президенті бар, екінші жағынан да ұлт көшбасшысы бар ерекше саяси модель өтпелі кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Бұл ретте тұңғыш Президент ұлттың ішкі бірлігін – оның барлық әлеуметтік топтарын, барлық өңірлердің өкілдерін, ұлттарды, діни наным-сенімдерді бейнелейді. Елбасы Қазақстанның тұрақты, үдемелі, эволюциялық дамуының кепілі болып табылады.


Алматы олимпиада спортсмендермен кездесу1.jpg

Қазіргі Қазақстан үшін бұл 1991 жылдың желтоқсан күндері болды. КСРО-ның күрт құлдырауы жағдайында Қазақстанның егеменді жолмен дамуға деген үміт артты. Осы уақыт ішінде үш оқиға, оның басты шешуші тұлғасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев, елдің тағдырын біржолата анықтады. 1 желтоқсанда бірінші жалпыхалықтық президент сайлауы өтті, онда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7% дауысына ие болып, сөзсіз жеңіске жетті. Жиырма жылдан кейін дәл осы күні мемлекеттік мереке мәртебесі – Тұңғыш Президент күні бекітілді.


Аль Фараби атындагы университетын студентермен кездесу 1.jpg

Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шешімдерінің бірі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қою болды. Бірнеше күннен кейін, 16 желтоқсанда, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекет болуы мен бостандығы туралы ғасырлар бойғы арманы орындалды.


Ел басы.jpg

Алайда, бұл Қазақстан егемендігі жолдың басы ғана болды. Экономикалық байланыстардың бұзылуы өндірістік сектордың құлдырауына әкеліп, КСРО-ның ыдырауымен шиеленіскен экономикада жүйелік дағдарыс байқалды, елде жалпы жұмыссыздық пен гиперинфляция орнықты, осы шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық проблемалар тез арада шешуді талап етті.


Елбасы1мамыр(2) 01.jpg

Елбасы өз сөздерінде жиі айтатын Уинстон Черчилльдің сөздері: «Жауапкершілік – бұл билік үшін төленетін баға». Сол қиын әрі дағдарыс кезеңінде, Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін жауапкершілік жүгін өз мойнына алып, экономиканы ырықтандыру және оны нарықтық жолға көшіру үшін реформаларды сенімді жүргізді. Тұңғыш Президент таңдаған бағытқа қарсылық орасан болды. Себебі, кеңестік өткеннің инерциясы жоғары болып, экономикада басқарудың әдеттегі командалық-басқарушылық әдістеріне оралуға деген ұмтылыс тым күшті болса да, мемлекеттік капитализмді қалыптастырды. Нарықтық реформалардың қайтымсыздығын қамтамасыз ету үшін ел басшылығы шақырылған XIII Жоғарғы Кеңесті таратуға және Қазақстанда президенттік басқару моделін құрған 1995 жылғы Конституцияны қабылдауға тура келді.


Жас талаптар 1.jpg

Тұңғыш Президенттің өзі 1995 жылы маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясының II сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мұндай басқару – көпұлтты мемлекеттерде, сондай-ақ үлкен аумағы бар елдердегі жағдайы тұрақсыз болғандықтан, басқа әлеуметтік жүйеге көшу және реформалар кезінде тиімді».


Клинтонмен кездесу.jpg

Тәуелсіздік жылдарында елдің жалпы ішкі өнімінің жиырма есеге жуық өсуі және халықтың кірістерінің салыстырмалы өсуі, посткеңестік кеңістікке инвестиция тарту бойынша көшбасшылық және орнықты экономика құру Тұңғыш Президент жүргізген әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың тиімділігін көрсетті.


Марапатау 1.jpg

Елбасы Қазақстан Республикасының халықаралық мәртебесін нығайтудағы қадамдары маңызды болды. Сыртқы контур жағынан бірінші кезектегі міндеті республиканың шекараларын заңды түрде ресімдеуде Қазақстан 2005 жылға дейін шекараларды делимитациялауды аяқтаған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы және әлі күнге дейін жалғыз мемлекет. Қазақстанның жоғары халықаралық беделін және ядролық қарусыздану саласындағы көшбасшы мәртебесін қамтамасыз еткен маңызды қадам әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту болды. Соңғысы, Қазақстан сыртқы саясат доктринасы ретінде таңдаған көпвекторлық, өзінің прагматикалық мүдделерін және соңғы жылдардағы шиеленіскен геосаяси жағдайдағы әлемдік державалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.


Мега центр Алматыда 1.jpg

2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі Қазақстан үшін жоғары халықаралық беделін растайтын маңызды оқиғалар болды. Қазақстан посткеңестік кеңістікте және Орталық Азия республикаларында алғашқылардың бірі болып осындай құрметке ие болды.


НурОтанын сьезі.jpg

Айта кету керек, осы жылдар ішінде Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын жүзеге асырудағы қазіргі дипломатиялық жеңістерін қамтамасыз етуде Елбасының шешімдерін қолдаған, қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев болды.

Ішкі саяси салада да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, соның бірі 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы түрінде институционализацияланған этникааралық келісімнің қазақстандық моделі – Қазақстанның халықаралық қауымдастығы мойындаған брендтерінің біріне айналды. Қазақстан үнемі өткізіп тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық ауқымда конфессияаралық сұхбаты алаңына айналды.


Райымбек батырдын кенесы 01.jpg

Америкалық геостратегия патриархы Генри Киссинджер нағыз саясаткер мен көшбасшыға «жалғыз саяси жолдарға жарайтын ойлау тәсілі» қажет деп айтқаны бар. Тұңғыш Президенттің сирек кездесетін ерекше саяси түйсікке сүйене отырып, саналы түрде шешім қабылдауы және олар үшін жауапкершілік жүгін көтере білу қабілеті бар. Бұл Елбасының астананы гүлденген Алматыдан Сарыарқаның шексіз даласындағы Целиноград қаласына ауыстыру туралы шешімі болды. Жаңа елорда жобасы іске асырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылған шешім, қазақ халқының және Тұңғыш Президенттің модернизациялық ұмтылысының көрінісі болған қазіргі заманғы серпінді қала бейнесінде көрінді.


Елбасы1мамыр(2) 07.jpg

Бұл идеялардың бірлігі – Қазақстан халқы мен Тұңғыш Президент феноменімен ажырамас егіз ұғым. Жаңа тарихи кезеңдегі Елбасы бағытының сабақтастығы, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық құндылығы, өмірлік ұстанымы мен ұмтылысы, бейбітшілік, ынтымақ гүлденген Қазақ елінің тірегі саналады.

Жанар Түлендинова,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы 

Фотоларды түсірген: Айтжан Мұрзанов