Қазақстанда 2 мыңдай әскери қызметкер коронавирусқа шалдыққан
Қазақстанда 2 мыңдай әскери қызметкер коронавирусқа шалдыққан
93
оқылды

Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазір 100-ге жуық әскери қызметкер ем қабылдап жатыр.

«Әскери қызметкерлер коронавирусқа қарсы күресте табандылық танытты. Пандемия басталғаннан бері 2 мыңнан аса қызметкер коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде, қазіргі уақытта 100-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Қалғаны аурудан жазылып шықты», – деді Нұрлан Ермекбаев.