Елордада сот қаулысымен 2 ойын-сауық мекемесі жұмысын тоқтатты
Елордада сот қаулысымен 2 ойын-сауық мекемесі жұмысын тоқтатты
112
оқылды
Елордада карантиндік шараларды өрескел бұзған «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысы сот шешімімен тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарланған.
«Бұл мекемелер ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің нұсқауларын жүйелі түрде бұзып келген. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты түнгі клубтың жұмысын 3 айға, ал караоке-бардың жұмысын 1 айға тоқтатты. Сонымен қатар бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынды. Еліміздегі кәсіпкерлердің барлығын карантиндік шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Талаптарды сақтамау тек материалдық зиян ғана емес, айналадағылардың, оның ішінде жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіреді», - делінген ақпаратта.