Қазақстандықтардың жобасы Оңтүстік Кореяда қолдауға ие
Қазақстандықтардың жобасы Оңтүстік Кореяда қолдауға ие
134
оқылды

«Хабар 24»-тің жазуынша, Campeat – Оңтүстік Кореяда сәтті жұмыс істейтін стартап жобаның атауы.

Мейрамханалар желісінде қолданатын жобаны Оны Ислам Талапбаев пен Назерке Аманбек ойлап тапқан.

Бұл жобаның қызметін Оңтүстік Кореяда жүзден астам мейрамхана пайдаланады.

Жоба авторлары: «Өте көп жұмыс істеу керек. Ерінбеу қажет. Алға қойған мақсатқа жету маңызды.  Біз студент болып жүрген кезімізде осындай жетістікке жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Стартапты бастаған кезде жүз, мың адамға хабарлама жазатынбыз», — дейді.

Телеарнаның жазуынша, жоба авторлары бұл тәжірибені Қазақстанда да енгізіп көрмек.