Көлігім қолды болмасын десеңіз...
Көлігім қолды болмасын десеңіз...
260
оқылды

Мүлікке қарсы қылмыстардың ішінде автокөлікке қатысты қылмыс екіге бөлініп қарастырылады. Ол – көлікті айдап әкету және ұрлау. Екеуінің бабы мен жазасы екі бөлек. Елі­мізде жыл өткен сайын дерек саны азайып және қыл­мыстың ашылуы арта түскеніне қарамастан, мұндай қылмыс түрлері қоғамдық резонанс тудыратын оқиға ретінде қалып отыр.

Қызығушылық пен пайдакүнемдік

Көлікті айдап қашушыларға еліміздің заңнамасында екі түрлі бап қарастырылған. Оның бірі – айдап әкету болса, екіншісі – ұрлау. Яки, көлікті пайдакүнемдік мақ­сат­пен емес, жәй ғана қызы­ғушы­лық­пен айдап әкету оқи­ғалары кездесіп тұрады. Бірінде баласы әкесінің көлігін айтпай мініп кетсе, енді бі­рінде көлік жуу, жөндеу стан­са­ларына келген көлікті мініп қа­шып кететіндер бар. Олардың жа­за­сы жеңіл. Ал ұрлықтың аты – ұрлық. Мұнда, әдетте көліктерді сатып жіберу үшін немесе бөлшек­терін алу үшін қолды етеді. Қан­шама адам­ның ақадал дүниесі осы­лай оңай пайда іздеген сұға­нақтардың ол­жасына айналады. Соң­ғысының жазасы да қатаңдау екені белгілі. Өйткені ұрлық түбі – қорлық! «ТМД-ның кейбір елдерінің тә­жі­рибесінен көріп отырға­ны­мыздай, бұл проблеманың шеші­мі – ең бірінші кезекте заңды қа­таң­дата түсуде. Осы ретте Ішкі істер министрлігі көлік айдап әке­­ту мен ұрлау бойынша бір­қа­­­тар заң­на­малық және ұйымдас­тырушылық іс-шара­ларды жүзеге асырды. Біз­дің бастамамызбен Қылмыстық ко­декске «бірнеше мәрте» және «заңсыз кіру» сияқ­ты саралау белгі­лерін қыл­мыстың ауыр түріне жат­қызу бойынша өзгерістер енгізіліп, бұл күдікті тұл­ғалардың татуласуға бай­ла­­нысты жауапкершіліктен сы­ты­­лып кету мүмкіндігін шек­те­ді», – дейді ІІМ Криминалдық по­лиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуандық Алпыс. Бұдан өзге «Ішкі сауда ере­желеріне» енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөліктердің қосалқы бөл­шектерін сату тек маман­дандырылған дүкендерде және мін­детті түрде келісімшарт жасасу және сол бөлшекті фотосуретке тү­сіру арқылы жүзеге асырылады. Болмаған жағдайда сатушыға 65 АЕК түрінде айыппұл салуды қарастыратын жекелеген норма енгізілді.

Бір айдан асты, хабар жоқ...

17 қараша күні Ақтау қаласы 12 шағынауданы 56 үйдің алдынан Toyota Cаmry маркалы автокөлік ұрланады. 2017 жылғы қара түсті 55-ші модельді көлікті таңғы 04.00 шамасында белгісіз біреулер айдап әкетіпті. Содан бері көрдім-білдім деген ешкім жоқ. «Айда­ладағы ауыл емес, білдей облыс орталы­ғында самсап тұрған бей­­не­бақылау камераларының қыра­ғы күзетінен қара үзіп кете­тіндей бұл ұрылар кім болды екен?» деген сұрақ істі жүр­гізіп жатқан тер­­геушілерден бұрын көлік иесін көбірек мазалайтын сияқты. көлігім «Бір айдан асты, тергеу­ші­лерден хабар жоқ. Бастапқыда айдап әкету деп іс қозғаған, одан соң ұрлық деп өзгертіп, істі келесі тергеушіге бер­ді. Соңғы біле­­тініміз – ұрылар үлкен жолға түспей, аула-ауланы аралап өтіп, қаланың іргесіндегі «автодром» аталып кеткен Бас­құдық ауы­лынан бір-ақ шыққан. Сол жерде ізі суиды. Камерадан қарайық десек, бізге рұқсат етпейді, не өздері тұшымды жауабын айт­пайды. Күте-күте шыдамым тау­сылды, үмітім үзілуге айналды. Ен­ді прокуратураға хабарласқалы отырмын. Ұлымның қаншама еңбек­теніп, тірнектеп жинаған ақ­шасына алған көлігі еді. Ақ адал маңдай теріміз неге арам жолмен ақша тапқандардың қалтасында кетуі керек?», – дейді ашынған Ақ­тау қаласының тұрғыны Би­бігүл Дүзелбай. Көлік иесі – Қайрат есімді 21 жас­тағы жігіт. Екі балалы жас отба­сын асырап отырған оның тұ­­­рақты жұмысы да жоқ. Кәсібі – көлік сату. Арзанға айдап әкеліп, жөндеп, қым­батқа сатып, нәпақа­сын айы­рып отыр. Биыл жазда Армениядан әкелген екі көлігін сатып, қыркүйек айында Ресейдің Самара қаласына барып, соның ақшасына осы машинаны алып келген екен. Оны да саудаға шыға­рып, енді пайдаға кенелемін бе деп отырғанда, айы­рылып қа­лып­ты. Осылайша, енді-енді өрге ба­­сып келе жатқан биз­несі тоқы­рап тұр. Соңғы үміт поли­цияда. Олардың айтуынша, елімізде бұл қылмысты ашу көр­сеткіші жоғары екен.

Қылмысты ашу көрсеткіші – 81 пайыз

«Ішкі істер органдары қыз­мет­керлері ұрланған көліктерді не­месе олардың бөлшектерін табу үшін, сондай-ақ осындай қыл­­мыс­­­қа қа­тысы бар адамдарды анық­тау мақ­сатында жедел-про­фи­­лакти­калық және іздестіру іс-шараларын ұдайы жүзеге асырады. Соның ішінде, га­раж коопера­тивтеріне, ақылы тұ­рақтарға, ТҚТС, авто­мобильдерді бөлшек­­тейтін жер­лерге және авто­­бөл­шектерді өткізу орында­рына тек­­­­серулер жүргізеді. Осындай ша­­­­­ра­­­лардың нә­ти­жесінде жыл ба­­сы­нан бері қыл­мыс жа­саған 1 223 адам ұс­талды. Олардың ішін­де 45-і топ болып әрекет еткен. Мәселен, жыл ба­сында Алматы қаласы мен облы­сында Toyota Cаmry мар­калы авто­­­­көліктің тек 50 және 55 модельді түрлерін айдап әкетумен айна­­­­­лысқан 4 адам­дық топты ұстадық. Тамыз айында Қара­ғанды және Павлодар об­лыс­тарының аума­­­ғында Toyota Land Cruiser Prado маркалы жол тал­ғамайтын көлік­­­­терді айдап әке­туді ғана кәсіп еткен топ құ­рық­тал­­ды. 6 адамнан тұратын бұл ұйым­дасқан қыл­мыстық топ 2019 жыл­­­дың наурыз айынан бері көлік ұр­­лау­мен шұ­ғылданған. Айта берсе, мұн­­­­­дай мысалдар көп», – дейді ІІМ Кри­­­миналдық полиция де­пар­та­мен­­тінің аса маңызды істер жөнін­­дегі аға же­дел уәкілі Қуан­дық Алпыс. Полиция қызметкерлері мү­лік ұр­лығының алдын алу үшін көлік иелерін қарапайым ғана қауіп­сіздік ережелерін сақтап, өте мұ­қият бо­луға шақы­рады. Аз ғана уақытқа шығып кеткен жағ­дайда да авто­машинаны ашық және кілтін ішін­де қал­дыруға бол­майды. Көлікті түнгі уақытта жа­бық гаражға не­месе күзеті­­летін тұрақ­тарға қой­ған абзал. Ал ең дұрысы, оны айдап кетуге қарсы GPS-маяктары бар ке­­­шен­­­ді қон­дыр­­ғылармен жаб­дықтау керек. Көлікті сатып алу кезінде де құ­жаттарының дұрыс екеніне әб­ден көз жеткізіңіз. Бол­­маса, қыл­мыс тізбегіне ілі­­­гіп, кө­лі­гіңіз­ден айы­­­ры­­­лып қа­луыңыз да ғажап емес.

Нұрлан ҚОСАЙ