Құрбысының үйіне қонаққа барып, 500 мың теңге ұрлап кеткен
Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б.Нурпеисова арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткеніне шағымданған.
ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталған.
Полиция департаментінің мәліметінше, Т.Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесі тергеу нәтижесінде, күдіктіні анықтады.
Ұрлықты 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы жасағаны дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.