Қаулыға сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтарды ашу және қала мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейін қосымша кезекші сыныптарды ашу тоқтатылды.
Сауда объектілерінің (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілері, сауда үйлері) жұмыс күндері және демалыс, мереке күндері сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Сонымен қатар азық-түлік дүкендері мен базарлардың қызметі жұмыс және мереке, демалыс күндері сағат 17:00-ге дейін толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес болуы керек.
Туризм объектілері тестілеу режимінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып жұмыс істейді.
«Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жұмыс істейді.
Банкет және басқа да шара өткізуге тыйым салынады.