Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, Аяз ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық ертегі кейіпкерлерін үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады» делінген жаңа қаулыда.